» » ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАРСЫЛАСЫМЕН ТЕҢ ТҮСТІ

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ҚАРСЫЛАСЫМЕН ТЕҢ ТҮСТІ

 Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова мен американдық Лиза Портердің арасында бокстан жекпе-жек өтті. Сатыбалдинова әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде қарсыласымен тең түсті.

18 наурызда АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Коммерс қаласында қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова жеңіл салмақта америкалық Лиза Портермен (1-1-1) екі минуттан төрт раунд жұдырық түйістіріп, тең түсті. Америкалық спортшы бұған дейін де жекпе-жекке шыққан. Ол алғашқы айқасында жеңіске жетіп, екіншісінде жеңіліс тапқан болатын. Ал әйелдер арасындағы кәсіпқой бокста қазақстандық спортшы Аида алғашқы шайқасында қарсыласымен тең түсті.
Айта кетейік, боксқа қатысты жаңалықтар көрсетілетін белгілі EsNews Youtube-арнасы және оның жүргізушісі Эли Секбах Сатыбалдинованың соққысын оның отандасы, орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) соққысымен салыстырған болатын. Аиданың өзі де отандасы GGG-дің өнерін ұнайтынын айтқан болатын.
19 наурыз 2018 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031