» » Самбодан біріншілік жеңімпаздары анықталды

Самбодан біріншілік жеңімпаздары анықталды

 17-18 наурыз күндері Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен ҚР спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының вице-президенті, КСРО спорт шебері Рафик Валиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық  өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 16 команда 350 спортшы  қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша үздіктері анықталды.
Жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы     4 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль иеленіп, 1-орынды жеңіп алды.  Екінші орынды – Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Алматы облысының құрама командалары иеленді.
Жарыстың бас төрешісі Қайрат Досқалиевтің айтуынша, Қазақстан  жеңімпаздары мамыр айында  Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына және қазан айында Грузияның Тблиси қаласында болатын  Әлем чемпионатына қатысады.
Сондай-ақ, жарыс  жеңімпаздары  ҚР спорт шебері нормативін орындаса, екінші, үшінші орын алған спортшыларға спорт шеберіне кандидат атағы  берілді.
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медальдарымен марапатталды.
 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
ҰЛДАР: 
48 келі: 
 I орын  Асқар Еспосынов  (Атырау)
 II орын Айдос Жалғасбаев (Астана қ.)
 III орын  Айбек Калимов (Алматы обл.)                                                         
 III орын  Еркебұлан Әлі (ОҚО)
52 келі: 
 I орын  Армат Қабдолов  (БҚО)
 II орын  Абдухамид Абдуразақов (ОҚО)
 III орын  Ақжол Балтабаев (Астана  қ.)
 III орын  Аманбек Құлқаев (Маңғыстау)
57 келі: 
 I орын  Дәрмен Сарарқанов  (Алматы обл.)
 II орын Әділет Елемесов  (Қарағанды)
 III орын  Самат Сағатбеков  (Алматы қ.)
 III орын  Бекжан Төлепов  (Байқоңыр)
62 келі: 
 I орын  Бекзат Молдақапас  (Алматы қ.)
 II орын  Дамир Әбдеков (Қызылорда)
 III орын  Армат Есқазиев (Алматы қ.)
 III орын  Мейрамбек Рахметоллин  (ШҚО)
 
68 келі: 
 I орын  Арнұр Қуатай  (Алматы обл.)
 II орын  Жанқожа Марат  (Қызылорда)
 III орын  Саят Сейітқалиев (БҚО)
 III орын  Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)
74 келі: 
 I орын  Абылайхан Жұбаназар  (Қызылорда)
 II орын  Дінмұхамед Арғынов  (Астана қ.)
 III орын  Ербол Сарқытбаев  (Алматы обл.)
 III орын  Тілек Тоқтасынұлы  (Алматы обл.)
82 келі: 
 I орын  Тоқтарбек Айдарбек  (ОҚО)
 II орын  Санжар Балғымбеков (Қарағанды)
 III орын  Әмір Қалибеков (Қарағанды)
 III орын  Дәулет Ахмет (Жамбыл)
90 келі: 
 I орын  Марат Байкамуров (ОҚО)
 II орын  Ерасыл Жанатаев (Алматы қ.)
 III орын  Абдувахоб Алихужаев (Маңғыстау)
 III орын  Аян Рысбай (Жамбыл)        
100 келі: 
 I орын  Ерасыл Әзімханов (Жамбыл)
 II орын  Данияр Жетібаев (Қызылорда)
 III орын  Шыңғыс Ақжолов  (Алматы қ.)
 III орын  Алмас Бекарыстанов  (ОҚО)
+100 келі: 
 I орын  Әлібек Хасенов (Қарағанды)
 II орын  Нұржан Төлеубай (Қарағанды)
 III орын  Ғанибек Медиманов (Жамбыл)
 III орын  Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (ОҚО)
ҚЫЗДАР: 
44 келі: 
 I орын  Адия Сайын (Қызылорда)
 II орын Фариза Қайырбек (Алматы қ.)
 III орын  Әсем Берік (ОҚО)
 III орын  Динара Жакенова (Алматы обл.)
48 келі: 
 I орын Назым Әлменова  (Жамбыл)
 II орын  Малика Алпысбай (Қызылорда)
 III орын  Аружан Қарабекова  (Жамбыл)
 III орын  Айымгүл Махоуава (Атырау)
52 келі: 
 I орын  Диана Тлеумұратова  (Қызылорда)
 II орын Салтанат Сұлтанбекова  (Қызылорда)
  III орын  Жадыра Әміртаева (Жамбыл)
  III орын  Альфия Қабдел (Алматы қ.)
56 келі: 
 I орын  Гүлзада Алмаз (Атырау)
 II орын  Ақмарал Ерназар (Жамбыл)
 III орын  Нәбира Сланбекова (Қызылорда)
 III орын  Арай Ахан (Жамбыл)
60 келі: 
 I орын  Айда Карчаева  (Жамбыл)
 II орын  Мөлдір Маханбет  (Қызылорда)
 III орын  Айнұр Нүсіп (Алматы қ.)
 III орын  Әйгерім Сахимова (ОҚО)
64 келі: 
 I орын  Аружан Жолдас (Павлодар)
 II орын  Аружан Әбілдаева  (Жамбыл)
 III орын  Сымбат Төрен  (Қызылорда)
 III орын  Жанел Мұратова (Қарағанды)
68 келі: 
 I орын  Мөлдір Қойбағар (Алматы қ.)
 II орын  Аяулым Балапанова (Жамбыл)
 III орын  Ақерке Құлаш (ОҚО)
 III орын  Айнұр Иманқұлова (Алматы обл.)
72 келі: 
 I орын  Аруна Джангельдина (Ақтөбе)
 II орын  Айда Файзолла  (Қызылорда)
 III орын  Талшын Жұматаева  (ШҚО)
 III орын  Нарқыз Мырзахметова  (Жамбыл) 
80 келі: 
 I орын  Жанерке Қуанышева (Қызылорда)
 II орын  Перизат Ералиева (Жамбыл)
 III орын  Арайлым Оразбай  (Қызылорда)
 III орын  Әйгерім Мақсат  (ОҚО)
+80 келі: 
 I орын  Арайлым Әбенова  (Алматы қ.)
 II орын  Мөлдір Айтқұлова (ОҚО)
 III орын  Гумида Көбей (ОҚО)
 III орын  Майра Мырзабек (Қызылорда)
 
19 наурыз 2018 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031