» » Барыс жылы дүниеге келгендерге сәтті болмақ

Барыс жылы дүниеге келгендерге сәтті болмақ

Барыс
Барыс жылы дүниеге келгендер үшін Ит жылы сәттілік әкеледі десе болғандай. Ит  те, барыс та азулы жауарлардың санатында болғандықтан, бұл екі «жұлдыздың» өзара үйлесімділік табуына септігін тигізеді. Көктем келісімен-ақ ілкімді істерді бастауға мүмкіндік молаяды. Жалпы, 2018 жылы  жаңа бастамалар  қанжыға майламақ. Тіпті онша нәтиже күтіп, үміт артпаған жұмыстар да оп-оңай ретін тауып, жүзеге асады. Бірақ жыл аяқталысымен-ақ, қайтадан өз күшіне сенуге тура келіп, біраз бастамаларда қиындықпен ұшырасады. Сол себепті  ойда жүрген, қолға алмақ болған жұмыстарды биыл сәттілікпен бастауға мүмкіндік мол.
Денсаулық
Алаңдайтындай денсаулыққа қауіп жоқ. Әдеттегідей салқын тию, тұмау секілді маусымдық сырқаттар мен тұрмыстық аз-маз жарақаттар болуы мүмкін. Бірақ бұлар  апта өтпей жатып, ұмыт болатын аурулар. Қайта сәттілік серік болған Ит жылында денсаулықты нығайтып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану әдетіне көшіп, рационда жеміс-жидекті көбейтіп, ағзаға жаңа күш беріп, иммунитетті көтеруге болады.
Қаржы
Қаржылық жағдай бірқалыпты. Қолдағы қаржы азаймайды. Бірақ көбеймейді де. Әрине, қосымша табыс көзін іздестіріп немесе тағы бір жұмысқа тұрып, кірісті көбейтуге ұмтылу – әр адамның таңдауы. Жұлдыздардың болжамына пысқырмай-ақ, мүмкіндікті сынау көруге болады.  Алайда, аса бір табысты болып кету неғайбыл. Бұл сіздің кінәңіз емес. Жұлдыздар солай  болжайды.
Мансап
2018 жыл құрмет мен мақтау-марапат жылы десе болғандай. Бір қызығы, бұл мақсатта аса құлшынып жұмыс істемесе де болады. Бұған дейін жиған абыройы мен жұмысының нәтижесі осы жылы есепке алынады. Олар көшбасшы позициясын жыл соңына дейін ұстап тұра алады. Ал қарапайым жұмыста  жүргендер  үшін шығын аз болмақ. Карьерасында  ілгерлеу болмағанмен, бас ауыртатын мәселесі  де болмайды.
Есесіне, осы жылы бос уақытты пайдаланып, хоббимен, қызыққан ісімен айналысса – жұмыс нәтижелі болмақ. Өзі қызыққан дүние өзгенің де пайдасына аспақ.
Махаббат
Жеке өмірді реттеуге болады. Тек шын жүректен қаласаңыз болғаны. Егер бұған дейін сүйіктіңізбен араңызда кикілжің болса, оны реттеп қана қоймай, бірге бақытқа жетуге жол ашық. Алайда сәті келген мүмкіндіктерге өзіңіз кедергі болмасаңыз болғаны. Дәл осы жылы Барыс жылы туғандардың сыртқы келбетіне баса көңіл аударғаны жөн. Шашыңыздың түсінен бастап, гардеробқа дейін жаңарту артық етпейді. Бұл бақытты табуға жасалған бір қадам болмақ. Ал үйленген не тұрмыс құрған қыз-жігіттер отбасылық өміріне риза болып, содан қуаныш алып, шаттыққа бөлене білуді үйренуі тиіс.         
22 наурыз 2018 ж. 4 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031