СЫРДАРИЯДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Жаңа жыл мейрамына орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, театрландырылған қойылымды тамашалады. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Сонымен бірге, бірқатар азаматтарға Құттықтау хат табыс етті. Мерекелік іс-шара барысында қазақы үлгіде әспеттелген киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, атадан-балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Бесік салар, тұсаукесер, теңге жасыру рәсімдері ұйымдастырылды. Наурыз мейрамына жиналғандар мерекенің басты тағамы наурызкөжеден ауыз тиіп, бір-біріне ақ тілектерін арнады. Әсем әндерді әуелете шырқаған көркемөнерпаздар аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

