» » Жаңақорған: ауылшаруашылығы саласында өсім бар

Жаңақорған: ауылшаруашылығы саласында өсім бар

 Ауданда егілетін негізгі дақыл күріш болғандықтан 9967 гектар күрішті егумен айналысып отырған 197 шаруашылық құрылымы, оның 15-і ірі, 182-і ұсақ шаруашылықтар болса, 2017 жылы егілген 9967 гектар күріштің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім жиналып, 48000 тоннадан астам өнім алынса, өткен жылмен салыстырғанда әр гектарынан 5,1 центнерден, өсімі 11,2 %-ға жетіп, бидайдан 1,2 центнерден  артық өнім алынды
Мал шаруашылығы саласында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген 130,6 млн. теңгеге 744 бас сиыр, ет бағытындағы 26 бас асыл тұқымды бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша берілген 16,0 млн. теңгеге 572 бас аналық қой, 65 қошқар, «Құлан» бағдарламасы  бойынша берілген 17,4 млн. теңгеге 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр сатып алынды.
2016-2017 жылдары егін егу және мал шаруашылығымен айналысатын 46 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оның 9 (7-і ет, сүт өндірумен, 2-і АӨК жеке тұрғындардың мал тұқымын асылдандырумен айналысады) ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған.
26 наурыз 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031