» » Жастар таңдайды

Жастар таңдайды

 «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпоЧИТАЕТ»
жобасы аясында өткізілетін видеороликтер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1. Ереже жастардың оқуға ұсынатын кітаптары туралы видероликтер байқауының өткізілу тәртібі мен регламентін анықтайды (әрі қарай – Байқау).
1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы облыстық Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
1.3.Байқаудың мақсаты –  жастар өздеріне ұнаған кітаптарын замандастарына ұсыну бағытында түсірілген видеороликтер арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
1.4. Байқаудың міндеті:
-  Қызылорда облысындағы кітапқұмар жастардың санын арттыру;
- жастар арасында оқуды «сәнге» айналдыру жайында түсінік  қалыптастыру;
- жастарды бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету;
- жастардың ойлау қабілеті мен ақпаратқа деген сыни көзқарастарын дамыту;
- жастарды қандай кітап қызықтыратынын анықтау және жарнамалау;
- жастарды медиашығармашылыққа тарту.
                              2. Байқауды өткізу шарттары
2.1. Байқауға  29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
2.2. Видеоролик талаптары:
 - видеоматериалдар mр 4 форматында қабылданады.
 - видеороликтердің сыйымдылығы - 1280х 720 пиксел.
 - видеороликтің  ұзақтығы –  3 минут.
 - ұсынылған әдебиет міндетті түрде кадрда көрсетілуі қажет.
2.3.Ұйымдастырушылар  қатысушылардың  оқуға  ұсынылған шығармаларына  шек қоймайды. Бұл көркем әдебиет, ғылыми-танымдық, анықтамалық  тағы да басқа кітаптар болуы мүмкін.
2.4. Қатысушы ұсынған видеороликтер санына шектеу қойылмайды.
2.5. Байқауға жіберілген видеоматериалдар мына жағдайларда кері қайтарылады:
- үшінші адамның авторлық құқықты бұзуы;
- байқау тематикасына сәйкес келмейтін материалдар;
- көркемдік және техникалық сапасының нашар болуы;
- мазмұны моральдық-этикалық қағидаларға сәйкес келмеуі.
                          3. Байқаудың өткізілу тәртібі
3.1. Байқау кезеңдері:
- 15.05.2018 – 07.08.2018 -  байқау жұмыстарын ұсыну; қатысушыларды тіркеу;  ұйымдастырушы комитет  видеоматериалдарды қабылдаған уақыттан бастап 3 күн аралығында  «В Контакте», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінің және кітапхана сайтының «Жастар таңдайды» -«Молодежь препоЧИТАЕТ»  бөліміне видеороликтерді орналастыру (ұйымдастырушы комитет видеороликтердің ұсынылмауының себебін көпшілікке жария қылмауға құқылы)
- 08.08.2018 -22.08.2018 - видеожұмыстарды қарау және  жеңімпаздарды анықтау; ең үздік деген видеороликтер «В Контакте», «Фейсбук» әлеуметтік желідегі пайдаланушылардың  басқан «лайк» саны арқылы анықталады;
- 22 тамыз 2018 жыл – байқау жеңімпаздарын марапаттау, ұсынылған  жұмыстардың презентациясы.
3.2. Байқауға қатысу үшін видеороликті ounb_kzlorda@mail.ru  электронды  поштасына «Байқауға» белгісімен жіберуге болады.
4. Бағалау критерийі
4.1.  Байқау жұмысын қазылар алқасы бағалайды
4.2.  Қазылар алқасы дауыс беру арқылы 1, 2, 3 орын жеңімпаздарын  анықтайды
4.3. Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындай алады
4.4. Ұсынылған Байқау жұмыстарын бағалау критерийі:
- видеоматериалдардың тақырыпқа сәйкес келуі;
- ұсынылған материалдың ерекшелігі;
- техникалық және сапалы орындалуы.
5. Байқау қорытындысы және жеңімпаздарды анықтау
5.1. Байқау жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
5.2. Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылғы 22 тамызда  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  өтеді.
6. Байланыс мекен-жайы
120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 53 Д,
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Кітапхана сайты: http://kitapkhana.kz/
Электронды пошта:  ounb_kzlorda@mail.ru
Телефоны: 8(7242) 23-14-17
26 наурыз 2018 ж. 2 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930