» » Астанада жастар съезі

Астанада жастар съезі

  «Нұр Отан» партиясы тарапынан осы жыл «Жас Отан» жастар қанатының жылы болып белгіленді. Осыған орай наурыз айының 28-29 күндері Елбасының қатысуымен «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі өтуде.Жиынның мақсаты – «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.
 Съезд жұмысына Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, барлық аймақтардағы жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашыл, ғылыммен айналысатын және жұмысшы жастар атсалысуда. Аталған съезге Қызылорда облысынан 43 делегат қатысуда.
– Делегация құрамынан жас ғалымды да, ауыл жастарын да, спортшыларды да, жас кәсіпкерлерді де, жастар ұйымдарының белсенділерін де табуға болады. Әрқайсысы өз саласының озық мамандары. Жасотандықтар үшін съездің маңыздылығы өте жоғары, онда маңызды құжаттар қабылданып, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу күтілуде, – дейді "Жас Отан" жастар қанатының облыстағы атқарушы хатшысы Талғат Тілес.
«Жас Отан» жастар қанатында құрылымдық өзгерістер де орын алды. Алдағы уақытта жастар қанаты 3 бағытта жұмыс атқарады. Олар:«Даму», «Сана», «Жүрек» деп аталады. Осы аталған бағыттарға сәйкес биылдан бастап 12 жобаны жүзеге асырылады. Екі күнге созылған сьезд соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.
Бек АСЫЛ
29 наурыз 2018 ж. 1 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031