» » Б.Сағынтаев Арал маңындағы балық және азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты

Б.Сағынтаев Арал маңындағы балық және азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты

  Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Арал ауданында «Аралтұз» цехтары мен Арал қаласындағы балық өңдеу зауытының мысалдары негізінде балық және азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты.
Арал маңында балық өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Қызылорда облысында 22 балық өңдеу кәсіпорны бар, оның ішінде Еуропалық Одаққа — 4, Қытайға — 3, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне — 9-ы өнім экспорттайды.
Анықтама: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес өткен жылы балық және балық өнімдерін экспорттау көлемі $56,5 млн құрады, басқаша айтқанда, қазақстандық балықтың ⅔ экспортқа жіберіледі. Сонымен бірге, Қызылорда облысының экспортқа қосқан үлесі $12 млн асты (3500 т).
Бақытжан Сағынтаев қуаттылығы жылына 6 000 тонна болатын «Арал балық өңдеу зауытының» өндірісімен танысты. Дайын өнім Ресей, Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан нарықтарына экспортталады.
Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев «Аралтұз» АҚ зауытының мысалында өңірде ИИДМБ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.
Жақсықылыш ауылында йодталған тұз шығаратын жалғыз зауыт және ел аумағындағы ең ірі тұз өндіру және өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аралтұз» компаниясы ас және техникалық тұзды өндіру бойынша екі испан цехын іске қосты. Бірінші цех еуропалық технология бойынша жұмыс істейді және йод қоспалары бар ас тұзының тоғыз түрін шығарады. 2016 жылы техникалық тұз өндірісін кеңейту мақсатында екінші испан желісі — полимерлік цех сатып алынды. Зауытты қайта құру еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға және жұмыс орындарымен 1200-ден астам адамды қамтамасыз етуге, жұмысшылардың жалақысын 60%-ке арттыруға мүмкіндік берді. Өндіріс және өткізу көлемі үш есеге жуық өсті, ал экспорттық өнім үлесі 65%-ке жетті.
Анықтама: 2017 жылы «Аралтұз» АҚ 3,5 млрд теңгеге 332 600 т өнім өндірді. Өткен жылы экспорт көлемі 212 600 т құрады. Биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында өндіріс көлемі 58 200 т (637 млн тг), экспорт 44 400 т (981,2 млн тг) құрады.
Сондай-ақ, нысандарды аралау барысында «Аралтұз» директорлар кеңесінің төрағасы Д. Мұқашев кальций қосылған сода өндіру бойынша жобаны іске асыру басталғанын мәлім етті.
29 наурыз 2018 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031