» » Тағы бір спортшымыз допинг дауына ілікті

Тағы бір спортшымыз допинг дауына ілікті

  Шаңғышы Ердос Ахмадиевтен тыйым салынған препарат табылып, 4 жылға спорттық жарыстардан шеттетілді. Ұлттық допингке қарсы орталық 2018 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік кодексін бұзған қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады

Ердос Ахмадиевтің талдауынан 2016 жылы қара тізімге енген тыйым салынған препарат (мельдоний) табылды. 
33 жастағы спортшы 4 жыл спорттық жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, 2014 жылы Ахмадиев Сочи Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстап шыққан еді.
22 жастағы ауыр атлет Гүлназ Шәмиева мен 23 жастағы спортшы София Емелянова да 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін спорттан шеттетілді.
Ұлттық орталығының жаңартылған құжатында биатлоншы Анна Кистанованың да тіркелген. Өткен жылы оның талдауларынан фуросемид табылды. Ол 2017 жылдың қазанынан 2019 жылға дейінгі уақытта жарыстарға қатыса алмайды.
Бұған дейін ауыр атлетші Илья Ильин допинг дауынан кейін үлкен спортқа қайта оралған еді.
29 наурыз 2018 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031