» » Істен шыққан желілер

Істен шыққан желілер

   Қазақстанда Youtube, Instagram және Facebook желілерінің істен шығуы жиілеп кетті. Қазақстандықтар аталған желілерді соңғы рет жұма күні пайдалана алмаған.

Бұдан бұрын ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда әлеуметтік желі мен мессенджерлер жұмыс істемейтіні туралы хабарлаған болатын, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
Бұл Мұқтар Әблязов негізін қалаған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының экстремистік топ ретінде танылуына байланысты.
Министрлік тыйым салынған ақпараттарды тарататын шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің басшылығына хабарлама жіберген.
“Соған байланысты тыйым салынған материалдар өшірілуде. Сондықтан техникалық ақаулардан желілер істен шығып жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.
25 мамыр 2018 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031