Қазақстандағы апта ішіндегі жаңа кадрлық тағайындаулар
Жалпы осы аптадағы тағайындаудың басым бөлігі өңір әкімдіктерінде болды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де кадрлық тағайындауларға дәстүрлі шолуын жасайды.
Бұл аптаның басында ҚР Үкіметінің қаулысымен Дарын Шылбыұлы Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Ю. В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы – Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы – РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша заңгер-құқықтанушы.
Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ күштері радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған. Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген. Тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ бас директоры – аппарат басшысы лауазымын атқарған. «Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.
***
Осы аптаның ортасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды.
Облыс активінде өңір басшысы Алтай Көлгіновтің мәлім еткеніндей, жаңа қызметке ауысуына байланысты Арман Өтеғұлов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Арман Кәрімұлы «өңір – орталық» ротациясы бойынша ҚР Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы болып тағайындалды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Игорь Стексов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Игорь Валерьевич осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Сондай-ақ бұған дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов облыс әкімінің орынбасары болды.
Оған қоса «өңір – орталық» ротациясы бойынша ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болып ауысуына байланысты Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
***
Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында депутаттар елордада жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданы әкімінің тағайындалуын мақұлдады.
«Байқоңыр» ауданының әкімі қызметіне Ерлан Қаналимовтың кандидатурасы ұсынылған. Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады. Қаналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылы 22 тамызда дүниеге келген. Астана қаласының Басқару институтында, Қазақстан-Ресей университетінде білім алған. Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы, бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі; Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі; Аппарат басшысының орынбасары; Астана қаласы әкімдігі «Дағдарыс орталығы» КММ-нің директоры болған.
Жаңа тағайындауға дейін «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.
***
Бұл аптада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Қызмет жолын сот орындаушысы болып бастаған Қуандық Қасымов соңғы жылдары шаруашылық саласына ауысқан. Алдымен заңгер болып, кейін ауданда, қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарды. 38 жастағы маман алдағы уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметіне, су тасқынының алдын алу жұмысы мен коммуналдық қызметке жауап береді.
Қуандық Қасымов 1980 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған. Ақтөбе облысы соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Жоғары сот орындаушысы, «КазТрансСервис» АҚ жетекші заңгер-кеңесшісі, «Ақтөбе Геозем» МҚКМ заңгері, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, сектор меңгерушісі, басшысының орынбасары, «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс атқарды.
***
Аптаның басында Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Нығмашев Берік Болатұлы тағайындалды.
Берік Нығмашев 30 жаста. 2009 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы «Кирилловка-Айыртау» ЖШС-да агроном-маман болып бастаған. 2010-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінде ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агроном-маманы болған. 2013-2017 жылдары бас сарапшы, Жер бөлімі басқармасының басшысы, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 2017 жылдан ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментін басқарған.
***
Осы аптаның соңында Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.
А. Абдуалиев 1974 жылы туған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалы мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының оқытушысы ретінде бастаған. Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жергілікті атқару органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
***
Ақмола облысының туризм басқармасының жаңа басшысы болып Данияр Зиябекұлы Идиятов тағайындалды. Ол 1983 жылы Көкшетау қаласында туған. 2006 жылы Туркияның Балыкесир университетін туризм факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазТур» ЖШС (Интурист – Thomas Cook) Астана филиалында басшы ретінде бастады. 2011-2012 жылдары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тілдер курсынан өтті. 2012-2016 жылдары Астанадағы «Проспект-Недвижимость» ЖШС директоры орынбасары болды. 2016 жылы Астанадағы «Turoteka.kz» ЖШС директоры. 2017 жылы Ақмола облысының «Туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы қызметін атқарды.
***
Алматыда белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген мәслихат депутаты болып сайланды. Оған №24 округ тұрғындарының басым көпшілігі дауыс берген.
25-наурызда №12-24 округтер бойынша бірқатар мәслихат депутаттары қызметінен кеткен болатын. Алматы қалалық Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, №24 округ бойынша белгілі кәсіпкер, блогер, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Қайрат Құдайберген 5 мыңнан аса дауыс жинап жеңіске жеткен.
***
Талдықорғанда Қазақстан жазушылар одағының аймақтық филиалы ашылды. Елдегі ең ірі шығармашылық ұйымының Жетісу жеріндегі бөлімшесін ақын Ерлан Жүніс басқаратын болды.
Ерлан Жүністің есімі өлеңсүйер қауымға жақсы таныс. Ол «Хауас», «Үміт жырлары» сияқты бірнеше жыр жинақтарының авторы. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Гран-при мен Президент кубогын жеңіп алған. Мемлекеттік сыйлық пен «Дарын» сыйлығының иегері. Поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақын енді жетісулық қаламгерлердің мүддесін қорғауға қызмет етпек. Әрі түрлі әдеби іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Өңірдегі жазушылар одағының 120-дан астам мүшесі бар.