» » Бақилық болған адамның əлеуметтік желілердегі аккаунтын қалай жоюға болады?

Бақилық болған адамның əлеуметтік желілердегі аккаунтын қалай жоюға болады?

   Baq.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға пайдалы топтаманы ұсынады. Instagram əлеуметтік желісінде пайдаланушының өліміне байланысты екі қызмет бар. Мысалы, егер сіз осы əлеуметтік желіде қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты байқап қалсаңыз, естелік мəртебесін орнату үшін бұл жөнінде қолдау көрсету қызметіне хабарлауыңызға болады. Бұл мəртебені мына сілтеме бойынша қолдау көрсету қызметіне сұраныс жолдау арқылы орнатуға болады. Ол үшін некролог немесе жаңалыққа сілтеме түріндегі кісі өлімін растау талап етіледі. Егер, сіз мұндай адамның туысы болсаңыз, онда инстаграмдағы аккаунттың жойылуына өтініш жолдауыңызға болады жəне мұндай өтініш жолдау барысында əлгі адамның туысы екеніңіздің дəлелі қажет болады: қайтыс болған адамның туу туралы куəлігі, қайтыс болған адамның өлімін растайтын куəлік, жергілікті заңнамаға сəйкес, қайтыс болған адамның заңды өкілі немесе оның мүлкін басқарушысы екеніңіздің дəлелі. Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтеме бойынша өтініш үлгісін толтыру қажет. Сол сияқты Facebook əлеуметтік желісі де пайдаланушы туралы естелік қалсын деген ниетпен естелік мəртебесін орнату мүмкіндігін ұсынады. Мұны мына сілтемеарқылы орындауға болады. Ал қайтыс болған жақын адамның аккаунтын мына сілтеме арқылы өтіп жоюға болады. Бұл үшін де өз туыстық жақындығыңызды жəне пайдаланушының қайтыс болғанын растау қажет болады. Бұдан басқа, Facebook қаза тапқан азамат өз парақшасында бөліскен материалдарды да ұсына алады. Кей жағдайларда аталған желінің əкімшілігі аккаунт немесе материалдар туралы қосымша ақпарат алуға жолданған ұсынысты қарастыруы мүмкін. Ол үшін сіз құзырлы тұлға (мысалы, отбасы мүшесі) екеніңіздің дəлелі немесе сот бұйрығы қажет. Бұл өтінішті мына жерде рəсімдеуге болады. Одноклассники сайтының əкімшілігі қаза тапқан адамның парақшасын туыстардан жолданған арнайы өтініш бойынша ғана жоя алады. Сіздің сұрауыңыз қанағаттандырылуы үшін қайтыс болған адамның парақшасына сілтеме, сондай- ақ, жолданған хатқа қоса тіркелген кісі өлімі туралы куəлікті де ұсыну қажет. Егер, сілтемені таппаған жағдайда, пайдаланушының аты-жөнін, жасын, тұрған қала атауын жазуға болады. Мұндай өтінішті мына сілтеме арқылы толтыруға болады. Алайда, мұндай қайғылы жағдай орын алса да, сайт əкімшілігі сізге қайтыс болған адамның парақшасы жайлы ешқандай ақпарат, логин мен құпиясөзді де ұсынбайды. Сонымен қатар, вконтакте əлеуметтік желісінің əкімшілігі де туыстардан жолданған өтінішті қарастыра алады. Мəртебені растау үшін кісі өлімі туралы куəліктің фотосуретін немесе көшірмесін ұсынып, оны сəйкес үлгіде қолдау көрсету қызметіне жолдау қажет. Бұл əрекеттердің барлығын мына сілтеме арқылы орындауға болады. Twitter пайдаланушысы қайтыс болған жағдайда сайт əкімшілігі оның есептік жазбаларын өшіре алады. Ол үшін қолдау көрсету қызметіне оның құқық мұрагері немесе жақын туысы хабарласып, өзінің тұлғасын растауы керек жəне өтінішті мына сілтеме арқылы жолдай алады. Өтінішті жолдағаннан кейін əкімшілік сізге қосымша ақпараттарды ұсынуыңыз үшін нұсқаулықты сіздің электрондық поштаңызға жібереді. Бұл жағдайда пайдаланушыға ол ақпараттардың құпиялылығы жəне қаралғаннан кейін барлық құжаттың жойылатынына кепілдік беріледі.
02 сәуір 2018 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031