Бүгін ауа райы қандай болады?
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады. Тек батыста пен оңтүстік өңірлерлердің кей жерінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде көктайғақ болып, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғып, шаңды дауыл болады. Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.