» » 100 шақырым 100 ажалдың алдын алады

100 шақырым 100 ажалдың алдын алады

   Такси жүргізушісі жолдың нашар жөнделгенінен бастап, мемлекеттегі саясатты, жалақы, зейнетақы мәселесін өзі сұрақ қойып, артынша жауап беріп талқылап отырды. Мен сағатыма қарап, асығып отырдым. Кенет өзінің басынан өткен оқиғасын баяндады.
– Қызым, жарық қойылмағандықтан кей көшелер тас қараңғы. Ауылдан кешірек шыққан едім, лезде күн батып, қараңғы түсті. Бір тар көшеге бұрыла бергенімде алдымнан төрт адам құдды елес сынды пайда болды. Көліктің тормозын жерге тигенше басып, әрең тоқтадым. Оның өзінде жолаушыларды алыстан жарқылдаған бір затты көрген соң ғана байқадым. Ол жерде жаяу жүргіншіге арналған жол жоқ. Білесің ғой, біздің халық әлі де жол ережесіне салғырт қарайды. Сөйтсем, жарқылдаған кішкентай қыздың сөмкесі екен. Сол сөмке болмағанда, бір отбасын қағып кетуім мүмкін еді, – деп жүргізуші басын әрі-бері шайқады.
Жанымда отырған мұғалім әпкем де жүргізушінің сөзін жалғай кетті.
– Біз де қыс бойы әр жиналыста ата-аналарға ескертеміз. Дегенмен баласының амандығы үшін айтқанымызды орындайтындар аз. Қазір базарда жарық шағылыстыратын жолақтар толып тұр. Сатып алып, баланың киіміне, не сөмкесіне жапсыруға қиналады, – деді қолын оңға-солға сілтеп.
Зерттеушілердің мәлімдеуінше, жүргізуші көліктің жақынға түсетін (ближний свет) жарығымен келе жатса, жаяу жүргіншіні 25-30 шақырым қалғанда ғана байқайды. Ал егер жаяу жүргіншінің үстінде жарық шағылыстыратын элемент болса, оны 150 шақырымнан көруге болады. Халықаралық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жүргізуші жол бойында кенеттен пайда болған кедергіні 2 секундта көреді. Дегенмен сол уақыт аралығында көлік 50 метр жол жүріп үлгереді. Сондықтан 100 шақырым жүздеген жол апатының, жүздеген қазаның алдын алуға ықпал етеді. 
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресейдің жол жүру ережесі заңына өзгерту енгізілді. Заңға сәйкес, көлік жүргізушісі түнгі уақытта жол бойына тоқтаса, жарық шағылыстыратын элементі бар кеудеше киюге міндетті. Ал Еуропада Италияда, Испанияда, Австрияда, Португаляда кез келген көлікте осындай кеудешені табуға болады. Кеудеше көлікте болмаған жағдайда айыппұл төлейді. Португалияда кеудеше көлікте болмаса – 300 евро, жүргізуші жол бойында кимесе – 600 евро, Испанияда – 140 евро, Италияда – 100 евро.
Осы себепті біздің елде де осы мәселе заң шеңберінде шешілсе игі болмақ. Оны “Тәуелсіз көліктер одағының” төрағасы Эдуард Эдоков жиі айтып жүр.
– Елімізде жарықпен қамтамасыз етілмеген көше көп. Жарықты шағылыстыратын элементі бар киімді тек түнде емес, кешкі уақытта да киіп жүру заң жүзінде талап етілуі тиіс, – деді ол бір сұқбатында.
Бүгінде ғаламторда жарық шағылыстыратын жолақ, сөмке, білезікті үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады. Олардың бағасы сапасына қарай әртүрлі. Ең арзаны – 500 теңге.
P.S. Жақында ғаламтордағы бір ақпаратты көзім шалды. Филиппин елінде жергілікті халық бұғының мүйізін жарық шағылыстыратын бояумен бояп қояды. Бұл бұғымен болатын жол апатын азайту мақсатында жасалған шара екен. Өзге халықтың бұғыға деген қамқорлығындай, біздің халықтың ұлына деген жанашырлығы болмағаны өкінішті.
Әсел БЕГМАН
26 сәуір 2018 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031