» » Мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді

Мұнай бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді

 АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімнен шығатыны жөніндегі мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы сәрсенбіде соңғы жылдардағы ең жоғарғы шегіне жетті, деп хабарлайды
WTI маркілі мұнай 2,8% қымбаттап, барреліне 71,17 АҚШ доллары белгіленді. Бұл - 2014 жылдың қараша айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Brent маркалы мұнайдың бағасы да соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, ол 2,8% өсіп барреліне 77,20 доллар болды. Трамп мәлімдемесінде АҚШ Тегеранға қатысты «барынша қатаң экономикалық санкцияларды» қалпына келтіретінін атап өткен. Бұл жүз  мыңдаған баррель мұнайдың саудасына кедергі келтіреді. Иран ОПЕК мүшелерінің ішінде мұнай өндіру көлемі жағынан үшінші ел. Ол әлемдегі мұнайдың 5% жеткізеді. 2012 жылы АҚШ Иранға қатысты экономикалық снакцияларды күшейткен соң әлемдегі мұнай бағасы 15% өсіп, елдегі мұнай өндіру тәулігіне бір миллион баррельге қысқарған болатын.

10 мамыр 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031