» » Халқы ең көп боқтайтын қала

Халқы ең көп боқтайтын қала

   Ресейдің  Zoom Market маркетинг агенттігі жақында жаңа бір қызықты зерттеудің қорытындысын жариялады.
Әлеументтік сауалнама жасаушылар орыстың 25 қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ең көп боқтайтын қаланың тұрғындарын анықтаған. Сонымен…
Рейтинг бойынша кез келген сөзге боқтық араластырып сөйлейтіндер Пермь қаласының тұрғындары болып шыққан. Онан кейінгі орындарды Воронеж бен Иваново шаһары  алған. Ал алғашқы ондыққа Оренбург, Тамбов, Челябинск, Кемерово, Брянск, Дондағы Ростов  және Липецк қаласы енген. Ал Ресейдің астанасы Мәскеу 19-орынды алған. Санк-Петербургке 23 -орын тиген көрінеді. Ең соңғы орын Қазан қаласының еншісінде.
Ал әлеуметтік сауалнама қалай жүргізілген? Зерттеушілер 18 бен 54 жас аралығындағы 3 мың адамнан жауап алған. Оларға «Сіз біреуді боқтайсыз ба?», «Сіз боқтық сөзді жиі қолданасыз ба? » «Бүгін біреуді боқтадыңыз ба?», деген сипатта үш сауал қойылған. Ал жауаптың нәтижесі жоғарыдағыдай. Нәтижесінде Пермь қаласының тұрғындары ешкімге дес бермейтін болып шыққан.
Еркін ҚАЛДАН
Дереккөз: aikyn.kz
21 шілде 2018 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031