«Қазгидромет» дабыл қақты
Еліміздің жеті облысында 30 мамыр, сәрсенбі күні, дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде сәрсенбі күні дабылды ескерту жарияланды. Ақмола облысында 30 мамырда жел соғып, кей жерлерде нөсер жауып, күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін.
Астанада таңертең және күндіз күн күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал. Жел тұрып, екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с болады.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел соғып, жауын-шашын түседі, кей жерлерде -3 градус үсік жүреді. Ал күндізгі уақытта кей жерлерде күндізгі уақытта жаңбыр жауып, күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ал Петропавлда жел соғып, екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м\с болады. Түнде -3 градус үсік жүреді.
Қостанай облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Сонымен қатар күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Дауыл соғу ықтималдығы 90-95%-ды көрсетіп отыр.Түнде кей жерлерде -2 градус үсік жүреді.
30 мамырда Жамбыл облысында екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с болатын жел соғады. Сонымен қатар күндізгі уақытта бірқатар жерде күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Ал түнде кей жерлерде жел соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді.
Таразда екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с болатын жел соғады.
Сонымен қатар Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін. Кей жерлерде жел соғып, екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, кейде 30 м/с болады.
30 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, құйын соғуы ықтимал. Сонымен қатар жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді.