Ашық есік күні

Ашық есік күніне облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ғ.Өмірзақов пен М.Өмірсеріков, жастар денсаулығы орталығының бөлім меңгерушісі А.Алдабергенова, Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Қ.Сексенбаева, заңгер маман арнайы шақырылды. Аталмыш шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларына түсінік берілді, құқықбұзушылық түрлері, қылмыстылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар, жастардың емдеу орындарынан тегін медициналық көмек түрлерін алу құқықтары егжей-тегжейлі айтылды. Қатысушылар да түрлі сала мамандарына өз сауалдарымен жүгінді. Мұндай шара ай сайын жалғасатын болады.