» » МЫНА САҒАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАЙСЫЗ?

МЫНА САҒАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫН ТАҢДАЙСЫЗ?

Жомарт
    Сіз кемел тұлға болуға ұмтыласыз. Аздаған тәкаппарлығыңыз бар. Адаммен қарым-қатынас жасауыңыз өте қиын. Кейде мінезіңізді өзіңіз де түсінбей жатасыз. Жұмысты жан-тәніңізбен беріліп істейсіз. Адамзатқа ортақ мүдде үшін қызмет жасағыңыз келеді. Махаббат сезімінің алдында бас иесіз. Сіздің еңбегіңізге шынайы бағасын беретін жан аз.

2. Еліктегіш
Өзгені қамқорлыққа алуды жақсы көретін, жауапкершілігі мол адамсыз. Мінезіңіз де жайдарлы. Адамдардың сеніміне оңай ие боласыз. Жылдам қозғалып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Әңгіме мен «соңғы жаңалықтарды» айтудың шеберісіз. Сондай-ақ, ұсақ-түйекті көңіліңізге жақын қабылдап, тез ренжіп қалатын мінезіңіз бар.
3. Ойшыл
Өмірдегі басты құралыңыз – ойлау қабілет пен жаңа идея. Тыныштықта жатып, ойланғанды жақсы көресіз. Білімге құмар жанмен тез тіл табысасыз. Өзімшілдіктен аулақсыз. Адамгершілік жайында көп ойланасыз. Дұрыс жолдан адаспау үшін бүкіл адамзатқа қарсы тұруға дайынсыз.

4. Сезімтал
Көп жағдайда ойыңызды жеткізе алмай қиналасыз. Сізге жеке кеңістік қажет. Шығармашылығыңызды ешкімнің пікіріне қарамастан, дамыта түсуге тиіссіз. Ақ пен қараны дұрыс ажырата білесіз. Өте сезімталсыз, айналадағының барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.

5. Сенімді
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. Бойыңызда «Барлығын өзім істеймін» деген ұстаным басым. Өз күшіңізге ғана сенесіз. Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсатқа ұмтылу керегін жақсы білесіз. Айналадағы адамнан адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықты естігенді қалайсыз.

6. Мейірімді
Адаммен қарым-қатынасқа оңай түсесіз. Достары көп, әрі оларға әрдайым көмектесуге дайын. Бұл сіз туралы айтылған. Адамдар сіздің жаныңызда болғанды ұнатады. Сіз күн сайын жақсы бола түсудің амалын ойластырасыз. Айналадағылар үшін қызықты болғыңыз келеді. Өзгенің махаббатына бөленуді жақсы көресіз. Сізді жақсы көрмейтін жандарды да қамқорлығыңызға алуға дайынсыз.

7.Тәуекешіл
Сіз жеті рет өлшеп, бір кесетін, барлығының есебі мен салдарын білетін адамсыз. Мақсатқа жетер жолда қандайда болмасын қадамға баруға дайынсыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.


31 мамыр 2018 ж. 1 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031