Су уақытша болмайды
6 маусым күні сағат кешкі 21-00 ден 7 маусым күнгі сағат 06-00-ге дейін «Бас тоған», «Степь», «Мунайшы», «Кызылжарма» су алу құрылымдарының таза су жинау резервуарларына, Тасбөгет кентінің және қалалық ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуып шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, барлық қала тұрғындарынан (Тасбөгет кенті, Астана м/а, СПМК-70, Сәулет, Саяхат, Арай, Ипподром, Шұғыла, Жаппасбай батыр, Мұнайшы, Қызылжарма, Гагарин, Жаңа ауыл, қала орталығы және темір жол бойының арғы бет бөлігі) көрсетілген уақытта ауыз суды пайдаланбауын сұраймыз.
Осы жұмыстарға байланысты, қала бойынша 6 маусым күні сағат 23.00-ден 7 маусым күнгі сағат 01.00-ге дейін ауыз су берілу уақытша тоқтатылады.
2018 жылы 07 маусым күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында хлордың иісі кеткенше кранды ашып қою қажет.
Ведомстволық мекемелерде ауыз суды сыртқа ағызып жіберу уақытында 07 маусым күні сағат 06.00-ден сағат 08.00-ге дейін жауапты кісілер бекітілу қажет.