ЖАСТАР ЖЕЛІДЕ ЖҮЗДЕСТІ
Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы аясында "Желіде бол!" республикалық онлайн пікірсайыс турнирі өтті. Президенттік форматта өткен сөз додасы онлайн видеоконференция арқылы облыстық пікірсайыс орталығында ұйымдастырылды. Шешен сөзбен озық ойыды, біліммен білікті серік еткен жастар желіде жүзесіп сынға түсті. Турнир Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жастардың бәсекелікке қабілеттігін көтеруді басты назарға алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Пікірсайыс турнирін өткізу барысында онлайн әдісін пайдалану арқылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына жастардың қолдауында жеткізді. Турнирде жастар онлайн дидарласып қана қоймай Елбасы мақаласындағы мазмұнан түсйген ойларын ортаға салды.