» » БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕДІ

БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕДІ

БРИФИНГ
   Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев филиалдың 4 айда атқарған жұмысы және алдағы міндеттер туралы мәлімдеді.
Жиында филиал директоры жыл басынан қосылған жаңа қызметтер мен пилоттық жоба, азаматтарды биометрикалық мәліметіне қарап анықтау, жеке мәліметті қорғау, әлеуметтік төлем саласындағы жаңа реформа мен «Цифрлық сауаттылық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған іс шаралар барысымен таныстырды. Бүгінде 746 мемлекеттік қызметтің 621-і яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне енген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
 – Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қайта ұйымдастыруды (реорганизация) сәтті аяқтады. Корпорацияның миссиясы – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру. Қайта ұйымдастырудың күрделілігіне қарамастан ешқандай іркілусіз жұмыс жасауға, қызмет сапасын арттыруға нақты іс-шаралар атқарылуда. Дамудың басты трендтері бұл – цифрландыру, бизнес үдерістерді оңтайландыру және трансформация,  – деді Айдын Бөкенбайұлы.
Қызылорда облысы бойынша 71 470  зейнет жасындағы азаматтар бар. Қазіргі таңда қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде, енді осы азаматтарға 1 шілдеден бастап көбейтілген базалық зейнетақы төленеді. Мысалы, еңбек өтілі 10 жылға дейін – 15274 теңге, 20 жылға – 20931 теңге қосылады. Ал жұмыс өтілі 33 жыл толғандарға 28284 теңге, қазіргі алып жүрген зейнетақысына 13010 теңге қосылады. Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап 18 жастан асқан  бала кезден 1 топ мүгедектерді тәрбиелеуші ата-аналарына немесе қамқоршыларына 29699 тенге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда, саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Аталмыш қызметтің бағасы –  6734 теңге.
08 маусым 2018 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930