» » ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ

Сонымен қатар,  «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)»  трансфері дайындалады.
- Биыл мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгінгі күні алғашқы рейске билеттің көп бөлігі сатылған. Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты – 06:10, ұшу уақыты жергілікті уақытпен – 07:20. Сатып алған уақытына қарай бизнес-класс билеттерінің бағасы – 167 000-нан басталса, эконом-класс билеттері 26000-нан басталады.
11 шілде 2018 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031