Ғарыш саласының келешегі талқыланды

Қос тараптың бірлесуінің нәтижесінде ғарыш айлағы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік туды.Себебі облыстағы ғарыш туризмін дамыту мақсатында «Байқоңыр» туристік аймағын қалыптастыруға байланысты тұжырымдама дайындалған еді. Кездесу барысында ғарыш саласы мен Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі талқыланып, «Қамбаш» туристік аймағы және «Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді дамытуға бағытталған жоба таныстырылды.
Сонымен қоса, «Бәйтерек» бірлескен зымыран кешенін жүзеге асыру бойынша жұмыс қарқынды жүргізілуде. Төретам және Ақай кенттерін дамыту үшін жер телімдерін жалдан шығару жөніндегі келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаларға қол қойылып, Байқоңыр қаласының ұзақ мерзімді даму бағдарламасы әзірленді.