» » АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ автокөлік жүргізушілеріне тағы да бір жағымды жаңалығын ұсынды. Енді жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыруға болады.
Аталмыш қызметті онлайн-режимде алу механизмі қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойса болғаны. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса беріледі. жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін (қосылған жағдайда хабарлама SMS-хабарлама түрінде жіберіледі) мамандандырылған ХҚКО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге үшін ғана барады.
Мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.
Жүргізуші куәлігініңмемлекеттікбаж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде, яғни 3 006, 25 теңге. Егер сіз жүргізуші куәлігінмерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда Сізге псих - және нарко - диспансерден анықтама, сондай-ақ 083-формадағы медициналық анықтама қажет болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері 1,6 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы ауыстырған.
17 шілде 2018 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930