» » «ZHAS PROJECT» – ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

«ZHAS PROJECT» – ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Ел болашағы жастардың қолында. Озық ойлы, жалынды, рухты жастары бар елдің бағыты айқын, болашағы жарқын. Осы орайда, Жастар ресурстық орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігімен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында Жастар корпусын дамыту жобасын үйлестірушілердің ұйымдастыруымен «ZhasProject» жобасы Шиеліде мәреге жетіп, жастар жобасының үздіктері анықталды.
Аталған шараны ашқан Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова жаңа жоба туралы айтып берді: «Бұл жоба жастарымызды болашаққа, жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікке бағыттайды. Мұндағы маңыздысы – идея. Сіздерді ұтқыр ой, ерекше жоспармен таңқалдырып, үздік атануларыңызбен құттықтаймын. Осының бәрін аяқсыз қалдырмай, жауапкершілікпен қарасаңыздар барлықтарыңыз бір-бір кәсіпкерсіздер. Алғашқы қадамдарыңыз үлкен жобаларға ұлассын», – деп жастарды жаңа идеяларға, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Айта кетейік, «Zhas Projeсt» жобасы биыл Шиелі ауданында алғаш рет жүзеге асқалы отыр. Аудан жастарынан 80 жоба ұсынылып, оның 30-ы үздік деп танылды. Бұл жақсы көрсеткіш деп білеміз. Ұсынылған жоспарлардың қатарында сүт өнімдері арқылы (қаймақ, сүт, құрт, ірімшік) өндіру, колледж жастары тігін цехын дамытуға, тіл курстары мен түрлі үйірмелер ашу және т.б идеяларды аңғаруға болады.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – осал топтағы жастардың бастамаларына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Қоғамның әлсіз топтарын жұмысқа тартуға бағытталған жоба 14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлерге 1 миллион теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік береді.
Аталған жобаға тек жұмыссыз жастар ғана қатыса алады. Бастысы – идея керек. Оған қоса, кәсіп бастаушы өзін қолдайтын 3-5 адамнан тұратын топ құрады. Олардың да жас шамалары 14-29 жас аралығында болуы шарт. Серіктес ретінде туыс, достарын алуға болады. Сондай-ақ, жобаның барлық қатысушыларына 6 ай 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін (жоғары оқу орнын бітірген түлектер 60 мың, қалған қатысушылар 40 мыңнан) ай сайын шәкіртақы алып, арнайы оқытудан өтеді.
Облыс бойынша ешқандай шектеу қойылмаған. Мұның екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар үшін тиімді жоба екені даусыз. Тек алға мақсат қойып, ойға алған ісінің жемісті жүзеге асуына талаптанса болғаны. Себебі, «талпынған жетер мұратқа» деп бекер айтылмаған. Енді мұны жастар арасында кеңінен насихаттап, түсіндірме жұмыстары жүргізілсе жас кәсіпкерелер қатары көбейгелі тұр.
25 шілде 2018 ж. 1 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031