» » Қазақстан мен Ресей бірлесіп аса ауыр салмақтағы зымыран әзірлемек

Қазақстан мен Ресей бірлесіп аса ауыр салмақтағы зымыран әзірлемек

Қазақстан Ресеймен аса ауыр салмақтағы зымыранды бірге әзірлейді. Екі жақ жобаны Байқоңыр ғарыш айлағында ынтымақтастық концепциясы аясында жасайды.
Қазғарыштың хабарлауынша, Байқоңыр кешенінде қабылданған ынтымақтастық концепциясына сәйкес, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ғарыштық жобаларының негізгі бағыты ретінде аса ауыр салмақ санаттағы ғарыштық зымыран кешенін салу жоспарланды.
Бұдан басқа, Қазақстан Ресеймен бірлесе отырып, кіші спутниктерге жөнелту үшін жеңіл зымыран жасамақ, сонымен қатар Байқоңырда кешенді зымыран техника өндірісін бастамақ.
Қазір Ресейде аса ауыр салмақтағы зымыран әзірленіп жатыр. 2019 жылдың соңына қарай кешеннің жобалық эскизі дайын болу керек, ал зымыран 2028 жылы ұшады деп жоспарланды. Кейін зымыран ғарыштық ұшуларға, мәселен Ай мен Марсқа баруға пайдаланылады.
01 тамыз 2018 ж. 1 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031