» » Біз және «Жасыл ел»

Біз және «Жасыл ел»


Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының көркейту-көгалдандыру жұмысын  ұйымдастыру жобасын «Қызылорда облысының жастар одағы» қоғамдық бірлестігі қолға алғанын білеміз. Аталған жобаны республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру сәтті жүзеге асып келеді. Көктем басталысымен осы уақытқа дейін «Жасыл ел» жобасы бойынша 20-ға жуық  іс-шара ұйымдастырылған. Атап айтқанда, «Сенің еңбегің – сенің ертеңің» маусымдық ашылу салтанатында бұл жобаның жастар үшін аса маңызды екенін байқағанбыз. Араға екі ай салып қаламыздың көркейуі мен тазалығына үлесін қосып жүрген жастардың жұмысымен танысып қайттық.
Жасыл елдік сарбаздардың облыс бойынша жетекшісі Серік Әбілдің айтуынша, Қызылорда қаласында және облысқа қарасты аудан орталықтарында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы жиі ұйымдастырылады. Акция аясында барлық аудан орталықтарында адам көп шоғырланған демалыс орындарында, саябақтарда бұл жобаның алғышарты түсіндіріліп, жастарды еңбекке тарту кеңінен жүргізілген.
Серік Әбіл, «Жасыл ел» жастар одағының жетекшісі:
Елбасы бастамысымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 1035 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Жұмыс барысы маусым-тамыз айларында жүзеге асырылады. Біздің жастар «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу», «Таза аула, таза қала» акцияларының белсенді қатысушылары және «Жасампаз жасақ» ұранымен ардагерлер үйіне ұдайы көмек көрсетеді. Сонымен қатар жоба аясында екі тұрмысы төмен отбасының үй жұмысына атсалысып, қоқыс тазарттық. «Жасыл өлке, жасыл ел» тақырыбында барлық аудан орталығында жастармен арнайы кездесу ұйымдастырып, кеңес бердік. Облысымызда туған елімізді көркейту жұмыстарына атсалысып, қызығушылық танытып жатқан жастар саны жыл сайын артып келеді.
1 маусымнан бастап Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында жастар өз жұмысын бастаған. Атап айтқанда, өткен екі ай – маусым-шілде бойынша Арал ауданында – 74, Қазалы ауданында – 70, Қармақшы ауданы – 69, Жалағаш ауданы – 26, Сырдария ауданы – 84, Шиелі ауданы – 65, Жанақорған ауданы – 72 және Қызылорда қаласында – 344 қыз-жігіт «Жасыл ел» санатында жұмыс істеген. Барлық аудан және қаланы есептегенде маусым айында 267 адам жұмыс жасаса, шілде айында 585 жас «Жасыл ел» қатарына қабылданыпты. Тамыз айындағы кезек бойынша 183 жас осы жоба аясында жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Түйін. Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, жастар саясатының жүйелі әрекетінің нәтижесінде Қазақстанның жастарын бәсекеге қабілетті әлем ұлдары мен қыздарының қатарынан көретін күн де алыс емес.
Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ
02 тамыз 2018 ж. 1 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930