» » Көмірдің бағасын өсірмеуді тапсырды

Көмірдің бағасын өсірмеуді тапсырды

Күз айында қатты отынды сатып алу кезінде халық арасында айқай-шуға жол бермеу үшін, Астана әкімі көмірдің бағасы өсіп кетпеуін тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сондай-ақ әкім тұрғындарды жоспарланған көмірді жеткізуді IKomek (109) қызметі арқылы хабарлап отыруды тапсырды. Сонымен, Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиын барысында көмірді іске асыру мәселесі жөнінде әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, басқарма басшылары, мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, көмір өнімін іске асыратын 7 алдыңғы қатарлы компания және басқа да өкілетті органдардың өкілдері талқылады. Нарықтағы көмір туралы ахуалмен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады. Ол қазіргі таңда Астанада көмір өндіретін 7 іске асырушы барын айтты. Жалпы қорда 7 тамыздағы жағдай бойынша 9590 тонна көмір бар. «Магнит 21 ғасыр» ЖШС-де Шұбаркөлдің 1700 тонна (14500 теңге) және Кузнецкінің (12000 теңге) көмірі бар.  «Айткожынова» ЖК Майкөбенің 500 тонна (10 000 теңге) көмірі бар, «Умар KZ»  ЖШС - 1000 тонна Қаражыраның (13500 теңге), «Северэнергоугольснаб» ЖШС - 4800 тонна Қаражыраның (13000 теңге) көмірі бар», - деді Е. Төлеуов. Оның айтуынша көмір төңірегіндегі әлеуметтік тартыстың бір себебі, сату кезеңі шарықтаған кезде көмірдің жетпей қалуынан туындайды. «Бұл қатты отын жағатын қала халқының күн суыта бастағаннан жаппай көмір сатып алуымен байланысты. Сатылым қызған кезде көмірдің бағасы да шарықтайды. Сондай-ақ көмір тасымалына тапсырыстың көп түскендігінен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан да вагондардың жетіспеушілігі байқалады», - деді Е. Төлеуов. Осыған байланысты әкім «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ астанаға көмір жеткізетін вагондармен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алуын тапсырды. Ал энергетика басқармасы көмірді іске асыру бойынша бақылауды күн сайын жүргізіп, ыстық желінің жұмысын жандандыруын міндеттеді.
10 тамыз 2018 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930