ҚАЗГИДРОМЕТ ҮШ ОБЛЫСҚА ДАБЫЛ ҚАҚТЫ
Шығыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы ықтимал. Желдің екпіні 25 м/с шамасында болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл көтерілуі мүмкін. Өскемен қаласында 22 тамызда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады. Батыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында 23 тамызда кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Орал қаласында 22 тамыз күні оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. 23 тамыз күні найзағай түсіп, солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 18 м/с-қа жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы 95-98%. Солтүстік Қазақстан облысында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Облыстың бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл тұруы ықтимал. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Петропавл қаласында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, тұман түсіп, дауыл тұруы ықтимал.