Конституция күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады. Заңнамаға сәйкес, 30 тамыз Конституция күні демалыс. Биыл мереке бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет қаулысымен 25 тамыздағы демалыс күні 31 тамызға ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 30 тамыздан 2 қыркүйекке дейін 4 күн демалады. Еңбек Кодексінің 85-бабының 3-пунктінде көзделген демалыс күнінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күнін басқа жұмыс күніне ауыстыруға құқылы.