» » АЛТЫ ОБЛЫСТА ҮСІК ШАЛАДЫ

АЛТЫ ОБЛЫСТА ҮСІК ШАЛАДЫ

    Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауады,  шығыс бөлігінде түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.  Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталық бөлігінің кей жерлерінде қатқақ сақталады. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Астана мен Қазақстанның алты облысында үсік жүреді Шығыс Қазақстан облысына қар жауды Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының  кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.

03 қыркүйек 2018 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031