ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
24-26 қыркүйек күндері аралығында А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінде Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Сана" зияткер жастар мектебі" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен«ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында«Биле, биле Қазақстан» жобасының қатысушысы Бауыржан Салайдынның шеберлік сағаты өткізілді. Аталған шара аясында субмәдениет өкілдерін басын біріктіру, достық қарым-қатынастарды нығайту және база жасақтау басты мақсат. Оқыту барысында тренер Бауыржан шығармашыл қала жастарының деңгейі өте жоғары екендігін атай отырып алдағы уақытта осындай оқытуларды ұйымдастыру немесе Астана қаласында өткізілетін шет ел трренерлернінің оқыту курстарына қатыстыру арқылы бұданда жоғары деңгейге шығуға болаындығын атап өтті.
Қатысушыларда өздерінің разылықтарын атап айтты. Олар үшін бұл шара жаңа деңгей болды деседі. Ендігі кезекте шығармашыл жастар үшін арнайы орталық керек екендігін сұраныстарында көрсетті.