Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Әбішев Еркін Жұмаханұлы тағайындалды.
Еркін Жұмаханұлы 1987 жылы 3 маусымда Арал ауданы Шижаға елді мекенінде дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Аударма ісі» және «Болашақ» университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2009-2010 жылдары Қызылорда облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығы» Қазалы ауданы бойынша өкілі болып бастаған
- 2010-2013 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
- 2013-2014жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы;
- 2014-2017 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы;
- 2017 жылдың сәуір – тамыз айлары аралығында Октябрь ауылдық округінің әкімі;
- 2017 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.