» » Балабақшада Аяз ата қайтыс болды

Балабақшада Аяз ата қайтыс болды

  Ресейдің Кемерово қаласындағы балабақшалардың бірінде ертеңгілік кезінде Аяз Ата болып киінген ер адам қайтыс болды.
Қарт кісінің жүрек тұсы ауырған. Мекеме қызметкерлері тез арада жедел жәрдем шақырғанымен, әртіс олар келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Vse42.ru.
Кейінірек анықталғандай, ер адам қалада танымал театр актері екен. Валерий Титенконың әріптестерінің айтуынша, әртіс жүрегіне күрделі ота жасатса да, спектакльдерге қатысып, өзін аямастан беріліп жұмыс істеп жүрген.
Қараша айының басында Алматыда осы жайтқа ұқсас қайғылы оқиға болды. Хэллоуин кешінде танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин көз жұмған. Ол үш метр биіктікте "арқанға асылып тұрған" мумияның рөлін сомдаған.
Биыл көктемде Флорида штатының Тампа қаласында Cirque du Soleil қойылымы кезінде акробат биіктен құлап, қаза тапты.
19 желтоқсан 2018 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930