Жедел профилактикалық шолулар

Полиция органдарының есебінде тұратын азаматтар мен азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау ережелерін тексеріп шығу, жалпы тұрғындармен кездесу өткізу арқылы олардың ұсыныс пікірлерін тыңдау, халықтың полиция жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жедел профилактикалық шолулар ұйымдастыруда.
Іс-шараға полиция департаментінен келген қызметкерлермен қатар аудандық полиция бөлімінің учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылып, халық көптеп шоғырланатын аймақтарды патрульдеу, криминогендік ахуалы күрделі деген әкімшілік аймақтарға рейдік шолу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан көлемінде өткізіліп жатқан рейдттік іс-шараның 1 күнінде 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған болса, оның ішінде автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін 15-ке жуық автокөліктер ақылы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын тұлғалар мекен-жайларынан тексеріліп, олармен қылмысқа қайта жол бермеуін түсіндіру және қадағалау шаралары жасалуда.
Жоғарыда аталған бағыттағы іс-шаралар аудан көлемінде алдағы күндері де, тәулік бойы жалғасын табатын болады.