Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі
Түркияда оқуға 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.
Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды. Жыл сайын Түркия Үкіметі «Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships» бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі. Айта кетсек, Түркиядағы жоғары оқу орындары барлық шетелдік студенттерге (Қазақстан студенттері Түркия университеттері үшін шетел студенттері) білім көрсеткіштеріне сәйкес 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Түркия университеттері арасында жасалған келісім шарттар шеңберінде Қазақстан азаматтары үшін Таяу Шығыс техникалық университеті, Еуропалық Лефке Университеті, Стамбул Шехир Университеті т.б. университеттер тарапынан қосымша гранттар беріледі.