Қазақстандықтар міндетті Медициналық сақтандыру қорына қанша қаражат аударды?

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жұртшылықпен байланыс департаментіне сілтеме жасап. Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 миллиард теңгеден аса жарна түсті. Оның 124,3 миллиард теңгесі (шамамен 93,5 пайыз) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 миллиард теңге (6,5 пайызға жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.