ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Облыстық «Тәжірибе алаңы» барысында «Үздік ықшам сабақ – 2019» байқауы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізілді. Байқауда 20 қатысушы бас сынады. Ұйымдастырушы-сарапшылар байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, қорытынды жасады. Нәтижесінде Сырдария аудандық білім бөлімінің командасы «Алтын көмбеге» қол жеткізді. «Брейн-ринг – 2019» таным сағатына әр командадан 4 қатысушы қатысып, командалық сайыс өткізілді. Сайыс барысында әртүрлі пән бойынша логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде озып шыққан командаларға жүлделі орындар берілді. І орынды Арал аудандық білім бөлімінің командасы, ІІ орынды Жалағаш аудандық білім бөлімінің командасы, ІІІ орынды Қармақшы аудандық білім бөлімінің командасы иеленді.