Facebook Messenger, Instagram мен WhatsApp бір жүйеге топтасуы мүмкін

Facebook, Instagram, WhatsApp бұрынғыша жеке желі болып қала бермек, бірақ интеграция жүзеге асып жатса, үш желінің қолданушылары бір-бірімен хат алмаса алады. Мысалы қолданушыда WhatsApp орнатылмағанның өзінде оған Facebook Messenger, Instagram Direct арқылы хабарлама жіберуге болады. Бұл – Марк Цукербергтің өз бастамасы. Компания басшысы BBC-ге берген сұхбатында Facebook ұзақ процессті бастап жатқанын айтқан еді. Аталған интеграция – сол процесстің бір бөлігі. New York Times мәліметінше, бұл бастама 2019 жылдың соңында немесе 2020 жылы жүзеге асады.
Массагет.кз