» » ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕРЛІК

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕРЛІК

  Тарих  парағына «Арық­балық шайқасы» деген атпен енген, Ресей патшасы билеушілерінің шектен шыққан озбырлығына қарсы Жанқожа батыр бастаған аса ірі көтеріліске биыл 162 жыл толды.
Сол шайқаста  қыршын кеткен боздақтардың есімін, елім деп жауға шапқан Жанқожа бабамыз бастаған батырлардың  ерлігін туған елі мәңгі  ұмытпақ емес. Өскен мекені, киелі даласы, қасиетті  Арықбалықтың қадір-құнын ұрпақ зердесіне сіңіру – ортақ парыз.
Жуырда батыр есімін иеленген ауылда өткен  дəстүрлі аймақтық Әскери-қолданбалы спорт (әскери эстафета және 10 метрден тіреусіз пневматикалық мыл­тық ату) сайысы осы «Арық­балық» шайқасына арналып, ерлер есімі ел есінде екенін дәлелдеді. Қашанда жағымды жаңалықтың жаршысындай көрінетін танымал спортшы, білікті педагог Алик Тілеуімбетов басшылық жа­сайтын №94 орта мектеп ұжымы бұл жолы да ши­рақ­тық танытты. Қазалы аудандық білім бөлімі мен «Отан» қоғамдық бірлестігі  демеушілік жасаған осынау байрақты бәсекеге  8 команда қатысты. Жарыс болған соң, жеңімпаздардың анықталуы қалыптасқан жайт. Сайыс қоры­тын­дысымен Жанқожа батыр ауылы жастары командасы эстафеталық жарыс­та топ жарып, бас жүлдені иеленді. Ал жарысты ұйым­дас­тырушы №94 орта мектеп командасы (жарысқа дайын­даған ал­ғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Алмат Аралбаев) да өзгелерден дара шығып, сайыстың пнев­матикалық мылтық ату түрінен жеңімпаз атанды. Қалған жүлделі орындарды басқа  командалар өзара  бөлісті.  Жеңімпаздар мен жүл­дегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ
28 қаңтар 2019 ж. 603 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031