» » АШМ комитеті жарқанаттардың ұясы жөнінде пікір білдірді

АШМ комитеті жарқанаттардың ұясы жөнінде пікір білдірді

   ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ел арасында тараған жарқанаттар туралы алып-қашпа хабарларға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы уақытта әлеуметтік желі мен БАҚ-та жарқанаттың ұясын қымбатқа сатып алатыны жөнінде жазбалар пайда болды. Арнайы түсіндіріп өткіміз келеді, жарқанаттар ешқашан ұя салмайды, олар үңгірлер мен ұңғымаларды, жертөле, ағаш қуысы мен құдықтарды паналайды», - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.
Жарқанаттар немесе қолқанаттылар - ұшуды меңгерген жалғыз сүтқоректілер. Түрлер саны бойынша кеміргіштерден кейін екінші орында тұр.
«Қазақстанда жарқанаттың 27 түрі мекендейді. Олардың бесеуі Қазақстанның Қызыл кітабына енген (Иконников жарақанаты, Азиялық жалпаққұлақ, Бобринский жарқанаты, ақбауыр жарқанат, кеңқұлақты жарқанат). Олардың әрбіріне келтірілген заалал үшін 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (252 мың теңгеден 505 мың теңгеге дейін) айыппұлдар қарастырылған», - деді С. Ділдахмет.
Бір орында жарқанаттардың бірнеше түрі тіршілік ете алады. Саны жағынан бір орында мыңнан астам жарқанат болуы мүмкін.
Мәселен, Орталық Азиядағы Бахарден үңгірінде 40 мыңнан астам жарқанат бар. Қазақстанда да жарқанаттар мекендейтін ауқымды орындар бар. Жарқанаттар жыл маусымына қарай, үңгірлерді ауыстырып отырады.
Сонымен бірге, комитет өкілі қазақстандықтарға жалған ақпарат таратпауға кеңес берді.
«Жарқанаттың ұясы туралы жалған ақпарат таратудан сақ болыңыз! ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабында жалған ақпарат таратқандарға жаза белгіленген», - деп жазды С. Ділдахмет.
30 қаңтар 2019 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031