» » Білім басқармасы жасөспірімдердің төбелесі туралы видеоға түсінік берді

Білім басқармасы жасөспірімдердің төбелесі туралы видеоға түсінік берді

  Қызылордада дәретханада қатарласын ұрып соққан жасөспірімдер туралы видеоға облыстық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, әлеуметтік желіде қатарлас оқушыны ұрып-соққан балалар жайында видео тарап кеткен еді. Таяқ жеген оқушыға бірнеше жасөспірім қол жұмсаған.
Қызылорда облыстық білім басқармасы аталмыш видеоға байланысты түсінік берді. Айтуларынша, келеңсіз оқиға бұдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 18 ақпанында болған.
«Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы №10 мектепте орын алған. Видеодағы жасөспірімдер былтыр 9-сыныпты бітірген. Қазір қаладағы колледждерде білім алады. Қазір мектепте оқымайды. Осы оқиға бойынша ешкім арыз түсірмеген. Жергілікті полиция өкілдері мән-жайды анықтап жатыр», - дейді облыстық басқармасының баспаөз қызметі.
Бұдан бұрын Мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жыққан оқушылар сотталуы мүмкін екенін хабарланған еді.
30 қаңтар 2019 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930