Қазақстанда салық түсімі 28% өсті
2019 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 593,3 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
2018 жылдың бірінші айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда (463,3 млрд теңге) қазынаға түскен қаражат көлемі 28% өскен.Салық түсімдері бойынша алдыңғы орында Алматы (125,7 млрд теңге) мен Атырау (106,9 млрд теңге) тұр. Астана қазынаға 81,8 млрд теңге төлесе, Алматы облысы 44,3 млрд теңге, Қарағанды облысы 29,9 млрд теңге салық төлеген.
ШҚО 26,5 млрд теңге, БҚО 26,1 млрд теңге, Маңғыстау облысы 24,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы 20,9 млрд теңге, Павлодар облысы 16,6 млрд теңге, ал Түркістан облысы 10,1 млрд теңге салық төлеген.
Ал Шымкентте 10 млрд теңге, Қостанай облысында 9,7 млрд теңге, Ақмола облысында 8,8 млрд теңге, Қызылорда облысында 8,7 млрд теңге, СҚО 4,7 млрд теңге, Жамбыл облысында 4,7 млрд теңге төлем жиналған.
Сонымен қатар, Ұлттық қорға қаңтар айында 111,3 млрд теңге түскен. Салықтар мен төлемдер көлемі 23,4% өскен.