» » Сүтпен де емделуге болады

Сүтпен де емделуге болады

   Сіңір_созылғанда ыстық сүттен компресс жасау үшін дәкені 4-5 қабат орап, ыстық сүтке салады да, сіңір созылған жерге қояды. Сыртынан су өтпейтін қағаз жауып, оның сыртынан және жылы орамалмен орайды. Компресс суыса, ыстық сүтке қайта-қайта малып отыру керек
Бас_ауырғанда немесе бас сақинасы ұстағанда жаңа туылған тауық жұмыртқасын стаканға жарып, үстіне ыстық сүт құйып, араластырып ішеді. Мұны бір апта бойы қайталау керек. Дауыс қарлыққанда тауық жұмыртқасының сары уызын жарты стакан сүтке араластырады. Қоспаны аз-аздан ішіп қана қоймай, тамақты да шаю керек.
Нейродермит, терінің құрғақтығын азайту үшін жарты литр сүтке 100 грамм өсімдік майын әбден араластыру қажет. Сосын жылы суы бар ваннаға құйып, аптасына бір рет, 15 минут қабылдайды. Ал жөтел пайда болғанда сүтке бір пиязды турап салып 10 минуттай қайнату қажет. Қайнатпаны күні¬е бірнеше рет ішкен адамда жөтел кешікпей басылады. Егер кішкентай балалар түнде жөтелсе, оған тауық жұмыртқасы мен бір шәй қасық бал араластырылған бір стакан сүт қажет. Оны бала ұйқыға жатар алдында жылы күйінде, қалған жартысын орнынан тұрған соң жылытып берсе, бала түнде жөтелмей тыныш ұйықтайды.
17 ақпан 2019 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031