Шабыт сыйлайтын жұмыс орны

Барлығы үстелден басталады: Алдымен, кеңсе қызметкері еркін жұмыс істеу үшін қажетті үстел көлемін анықтап алыңыз. Жұмыс үстеліне барлығы сыю керек: құжаттар, оқу құралдары. Егер оқу құралдары көп болса, көпсалалы үстел таңдаған дұрыс. Олардың қосымша жәшіктері үстелді таза ұстауға мүмкіндік береді.
Орындық та маңызды: Арқаңыздың саулығы сіздің орындығыңызбен тікелей байланысты. Жайлы жұмсақ орын, жағдайға бірден икемделетін орындық арқасы сіздің дұрыс отыруыңзға септігін тигізеді.
Жарықты бақыла: Жұмыс орнындағы маңызды нәрсе – жарықты қадағалау. Кеңседе терезелердің үлкен болуы, ашық болуы табиғи жарықтың бөлмеге түсуіне әсер етеді. Одан қосымша, жұмыс үстеліне арналған арнайы шам да артық етпейді.
Жұмыс үстелі орналасатын аймақты таңдаңыз: Кеңсе қызметкері орын таңдай алмауы мүмкін. Бірақ, үйде жұмыс істейтін фрилансерлер үшін ңғайлы орын таңдау – өз қолында. Шығармашылық адамына өзгерістер артық етпейді. Керісінше, шабыт сыйлайды.
Жұмыс орнын тазартуды ұмытпаңыз: Жұмыс орның кем дегенде аптасына бір рет тазалап отырыңыз. Әйтпесе, кейін іздеген затыңызды табу қиынға түседі әрі уақытыңызды алады. Жинақы әрі таза орын қашанда пайдалы.
Массагет.кз