» » 2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады

2019 жылы елімізде қандай әуе рейстері ашылады

  Биыл Прага, Ұланбатыр мен Токиоға тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылы Қазақстанда бірнеше тікелей әуе қатынасы ашылады. Олар - Прага, Ұланбатыр мен Токиоға дейінгі рейстер. Алғашқы екі бағытқа «Скат» қызмет көрсетеді. Мамыр айында «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толығады. Ұланбатырға бірінші әуе рейсі 2 маусымда жасалады. Моңғолияға билеттер сатылымға шықты», - делінген қор мәліметінде.

Бұған қоса, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге дейінгі әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл қалаларға тікелей рейстер Астанадан жасалады. Сондай-ақ, Ереван мен Минеральные Воды қаласына да әуе рейстері болады. Атап өтсек, бұл демалыс кезеңіне арналған маусымдық бағыттар.

Сонымен қоса, биыл Баку-Алматы, Новосібір-Астана, Мәскеу-Семей әуе қатынасы ашылмақ. Бұнымен бірге, Қазақстаннан Шанхай қаласына рейс ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

BAQ.KZ


24 ақпан 2019 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031