» » Ақтөбе тұрғыны екі мың теңге үшін зейнеткерлерді аямай ұрып кеткен

Ақтөбе тұрғыны екі мың теңге үшін зейнеткерлерді аямай ұрып кеткен

  Ақтөбе қаласының тұрғындары 72 жастағы Зылиха Қоспаева мен 65 жастағы Айман Сағындықованы белгісіз ер адам соққыға жыққан. Азамат олардың үйіне баса көктеп кіріп, қорғансыз әйелдерді ұрып тастапты. Оған қоса, ол зейнеткерлердің қалған бар ақшасын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды "Мой городқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бар өмірін медицина саласына арнаған келіншектердің зейнетақысынан қалған екі мың теңгесі ғана болыпты.
Оларға қорлық көрсеткен азамат бұл соманың өзін табыс көріп, зейнеткерлерді көк тиынсыз қалдырған.
Айман Сағындықова 40 жылдан астам уақыт бойы перзентханада акушер болып қызмет еткен. Оның сіңлісінің айтуынша, қазіргі таңда аураханада жатқан әйел мүлде көрмей қалған. Шабуыл жасаған ер адам оның беті мен көзіне пышақ жарақатын жасапты.
Зылиха Қоспаева болса өмір бойы балалар медбикесі болып жұмыс істеген. Қарт адамдар Ақтөбедегі ата-аналар үйінде тұрып жатыр.
Фото: mgorod.kz

"Барлығы кешкі сегіз шамасында орын алды. Әпкем есік жабылғанын қарап келуге шыққан. Бұл сәтте бір ер адам үйге кіріп келіп, мені аяқ киімімен бетімнен ұрып жіберді. Мен ол кезде пештің қасында ыдыс жуып жатқан болатынмын.
Мен құлап кетсем де, ол мені соғуды доғармады. Әпкем үйге еңбектеп кірді. Бет-аузы қан болды. Әлгі азамат оған пышақ жарақатын жасап үлгерген екен.
Азамат миллион беруді талап етіп айқайға басты. Бірақ бізде ондай ақша қайдан болсын? Әпкем әмиянында бар мың теңгесін берді. Ер адам оны аздық көріп, тағы беруді сұрады. Әпкем оған қалған мың теңгесін берді. Басқа ақшамыз жоқ еді" , - деді Зылиха Қоспаева.
Оған қоса, шабуыл жасаған азамат үйдегі газды жарып жібермек болып қорқытқан. Бұл сәтте әйелдердің бірі далаға қашып шығып, көршілерін көмекке шақырыпты. Олар полицияға хабарласты.
Тәртіп сақшылар бұзақының пышағын үйдің ауласынан тауып алды. Ал ер адамның өзін ұстай алмады. Ол қашып кетті.
Ақтөбе облыстық департаментінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 
27 ақпан 2019 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031