» » МЕМЛЕКЕТ АҚШАНЫ НЕГЕ КӨП ШЫҒАРМАЙДЫ?

МЕМЛЕКЕТ АҚШАНЫ НЕГЕ КӨП ШЫҒАРМАЙДЫ?

Әр мемлекет ақшасын өзі басып шығарады емес пе? Халықты қинағанша неге көптеу шығармайды? Сонда ешкім тарықпас еді.
Құрметпен, Негеш
Сұраққа экономика ғылымдарының магистрі Гүлнұр Қабақова жауап береді.
− Біріншіден, ақша − айырбас құралы. Бұрынғы уақытта ақша мүлде болмаған соң,  сауда тікелей айырбас арқылы жүргізілген.  Айталық, маған бір қой берсеңіз, сізге орнына бір қадақ май беремін деген тәрізді. Бұл кезеңнен кейін ақша әмбебап тауар ретінде қолданыла бастады. Қаржы айналымдағы тауардың құнын білдіретін валютаға айналды да, ақша саны тауар көлеміне тәуелді болды. Егер мемлекет ақшаны шектен тыс басып шығарса қаржы құнсызданады. Адамдар көп ақшаға кенелген соң тауарды жаппай сатып ала бастайды. Мұндай жағдайда өндірушілер тауардың бағасын күрт көтеріп жібереді де, нарықта инфляция басталады. Оны мынадай мысалмен түсіндіруге болады. Ақша құнсыз болса, қолдағы қаржы көлемі де еселене түседі. Сіз сауда жасағанда не мейрамханаға тамақтануға барсаңыз салмағы  бірнеше есе ауыр ақша төлейтін боласыз. Бума-бума ақша, сылдырлаған тиындарды санап тұру халық үшін тиімсіз. Мұндай кезде қоғамда экономикалық тұрғыдан түсініспеушілік, халық арасында хаос пайда болады.
Екіншіден, мемлекет ақша көлемін еселеп арттырса, жұмыссыздық мәселесі басты орынға шығады. Адамдардың күні бойы жұмыс істеуінің себебі де осы емес пе? Тұрмыс, күнкөріс үшін ақша керек. Егер ақша жеткілікті болса, халықтың жұмысқа деген қабілеті төмендеп, тіпті қажет етпейтін болады.  Сосын халықтың қалтасы калыңдаған сайын ақшаға сатып алатын зат қалмайды. Тауар  көлемі азайып, өндіріс мұндай процеске дайын болмағандықтан жұмысын тоқтатады. Ал тамақ, киім, басқа да қажеттіліктер толық қанағаттандырылмаған ел одан әрі дамиды деп айта алмаймыз.
Дайындаған Гүлдана ЖҰМАДИН
28 ақпан 2019 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031