Көп балалы аналардың 10 талабы орындала ма?

- Жөргекпұл ретінде ҚР азаматы болып табылатын әрбір туылған балаға 1000 АЕК көлемінде 1 реттік төлем жасалсын.
- Әрбір балаға кәмелеттік жасқа жеткенше ай сайын ең төменгі күнкөріс мөлшерінде жәрдемақы төленсін. Ол 29698 теңгені құрайды.
- Әрбір ана өз баласын үйінде отырып тәрбиелесе елімізде қылмыстар мен кездейсоқ қайғылы жағдайлар орын алмас еді. Ол үшін әрбір отбасындағы анаға 2019 жылы қабылданған ең төменгі жалақы мөлшері – 42500 мың теңге берілсін. Бұл аналар үшін қосымша табыс көзін іздемей баламен үйде отыруына көмек болуы керек.
- Отбасында 3 баласы барларға баспана жеңілдігі қамтамасыз етілсін. Ал, 4 бала немесе одан көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырғандарға стандартқа сәйкес тегін баспана берілсін. Ол үшін арнайы тұрғын үй қоры жасақталсын.
- Бала 14 жасқа келгенше ана мен бала тегін емделсін.
- Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп, кәмелетке толмаған баласы бар аналарды түнгі ауысымға қалдыруға тыйым салынсын.
- Қоғамдық көліктер көбейтіліп, оқушылар тегін жүрсін. Бастауыш сынып оқушыларына мектептерде бір мезгіл ыстық тамақ берілу қайтадан қалпына келтірілсін.
- Көп балалы отбасылардың балалары ЖОО-да тегін оқысын. Ал бір мезгілде бір немесе одан көп баласы оқитын отбасыларға мемлекет тарапынан 50 пайыздық жеңілдік берілсін.
- Дәл қазіргі күні басында баспанасы жоқ, бірақ несиесі бар отбасыларға 1000 АЕК несиесі кешірілсін.
- Ең соңғы талабымыз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова отставкаға кетсін.
Т.БАҒДАТҚЫЗЫ